Аязға байланысты Шығыс Қазақстан облысы мен Павлодар облысындағы мектептер мен колледждерде сабақ тоқтатылды. 

Өскемен, Семей қалалары және Шемонаиха, Күршім аудандарында бірінші ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушылары мен колледждің 1-2 курстарына сенбі күні сабақ болмайды. Шығыста ауа температурасы -30 градусты көрсетіп тұр. 

Павлодар облысында бірінші ауысымда оқитын 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ уақытша тоқтатылды. Бұл аймақта да күн -30 градус аяз. 

Осы аптада Қазақстанның бірнеше аймағында аяз күшейіп, жолдар жабылып, мектептерге сабақ тоқтаған. 

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.