8 ақпанда Петропавл қаласында Интернациональный 4 көшесі бойында орналасқан көпқабатты үйде газ жарылды. Бұл туралы Азаттық тілшісі хабарлады.

Алдын ала болжам бойынша, бесінші қабаттағы пәтерлердің біріндегі газ құбырынан ақау шыққан. Төтенше жағдай мамандарының айтуынша, жарылыстан үш ересек адам зардап шеккен. Қазір олар ауруханаға жеткізілген. Үш пәтердің қабырғалары құлаған.

Көпқабатты үйден 42 адам эвакуацияланды. Тұрғын үй газ және электр желісінен ажыратылған. Мамандар басқа подъездерге электр қуатын беру мәселесін қарастырып жатқандарын айтты. 

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.