9 ақпанда Қазақстан бас прокуратурасы мен ішкі істер министрлігінің қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Марина Орумбаеваны (Невская) Доминикан Республикасынан экстрадициялады. Бұл туралы бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. 

Шығыс Қазақстан облысы демқорлыққа қарсы қызметі Орумбаеваны 9 миллион теңгені жымқырып, мемлекетке залал келтірді деп айыптап, іздеу жариялаған. 

Орумбаева қазір Астанадағы тергеу изоляторында отыр. 

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.