Украина билігінің мәліметінше, 31 наурызда өтетін президент сайлауына 44 кандидат қатысады. Бұл — Украина үшін рекордтық көрсеткіш. Қазіргі президент Петр Порошенко екінші рет сайлауға түспек. Ол егер президент болып сайланса елді Еуропа одағы мен НАТО құрамына кіргізуге тырысатынын мәлімдеген. 

Әлеуметтік зерттеулердің дерегінше, бұрынғы премьер-министр Юлия Тимошенко мен шоумен Владимир Зеленский Порошенконың негізгі қарсыластары болмақ.

53 жастағы Порошенко — Украинадағы бай бизнесмендердің бірі. Ол билікке 2014 жылғы Майдан оқиғасынан кейін келген. 2014 жылғы сайлауда 58 жастағы Тимошенко Порошенкодан жеңілген. 

Майдан оқиғасынан кейін елдің сол кездегі президент Виктор Янукович биліктен кеткен. Халық Януковичтің Ресеймен қарым-қатынас орнату әрекеттеріне наразы болып, Еуропамен байланыс орнатуды талап еткен. 

24 қаңтарда Украина соты Ресейде тұрып жатқан Януковичті сырттай 13 жылға соттаған. 

 

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.