Альянс банктен бұрын кредит алғанмын. Кешіктіргенім үшін борышкерлермен жұмыс бюросына өткізіп берген. 1,2 жыл соларға төледім. Солардың айтуымен қарыз соманы Альянс банкке апарып түгел төледім. Анықтамасын апарып көрсеттім. Бірақ осы жұмада біреу 2 рет коллекторлық агенттіктенмін деп хабарласты. Істі сотқа береміз дейді. Мен ауылда тұрамын, не істеуім керек?

Ерлан, Сіз өзіңіз тұратын жердегі Альянс банкінің бөлімшесіне және сізге хабарласқан коллекторлық агенттіке барып, кредитті жапқаныңызды көрсетіп, арыз жазуыңыз керек. Оған кредитті жапқаныңыз туралы анықтаманың көшірмесін қоса ұсыныңыз. Егер қоңырау шалуды тоқтатпаса сотқа шағымдансаңыз болады. Бастысы Сіз қарыз емессіз және қолыңызда анықтамаңыз бар.

Запись Альянс банкке қарызды түгел қайтарғаныммен коллекторлық агенттік мені сотқа береміз дейді. Не істесем болады? впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.