Бүгін Қызылорда қаласында жергілікті билік өкілдері көп балалы аналар үшін «Ашық есік» күнін өткізді. Оған облыс басшысының орынбасары, «Нұр Отан» партиясының өкілдері мен басқарма басшылары қатысты. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Қырымбек КӨШЕРБАЕВТЫҢ баспасөз қызметінен бұрын бұл ақпаратты facebook.com (видео) әлеуметтік желісінің қолданушылары жариялап үлгерді. Берік ҚУАНЫШҰЛЫ есімді қолданушы жариялаған видеода қызылордалық көп балалы аналар Аяз атаны шақырғандай Көшербаевты іздейді. Әрине, қашанда «сөздеріңізді жоғарыға жеткіземіз» деп құтылатын орынбасарлардан шаршаған халықтың талабы да орынды. Ал бірінші басшылардың көбіне тек ескерткіш ашу, пәтер беру т.б ізгі шараларда ғана бой көрсететіні біздің елде үйреншікті жағдай. Бәлкім Қырымбек ЕЛЕУҰЛЫ 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасынан кейін наразы топтың алдына шығуға жүрегі дауламайтын да шығар.

«Жиын басында түсініспеушілік болып, шиеленіспен басталған еді. Бірақ, біз ортақ шешімге келіп, айқай-шумен мәселе шешілмейтінін айтып, сөйлесіп мән-жайды бірлесіп шешуге келістік. Жиналған тұрғындар Қызылорда облысы әкімінің орынбасарлары мен Қызылорда қаласы әкімінінің қабылдауында өз талап-тілектерін жеткізді»,- депті Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қуанышбек ЫСҚАҚОВ.

Қызылордалық аналар Көшербаевты іздеді

Қалалық мәдениет үйінде өткен шараға 200-ден астам адам келген. Олар – көп балалы және жалғызбасты аналар. Жиналғандар баспана, коммуналдық қызметке жеңілдік, жәрдемақы мәселелері бойынша сұрақтарын қойды. Ашық дереккөздердегі мәліметтерге сүйенсек, Қызылорда облысында 35 мың көп балалы ана бар екен.

Естеріңізге сала кетейік, 4 ақпан күні Астанада болған трагедиядан кейін Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында көп балалы аналар билік өкілдеріне өз талаптары айта бастады.

Фотолар:informburo.kz

 

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.