2018 жылы мемлекеттік органдар 3 315 автомобиль сатып алған. Бұған барлығы 20,68 млрд теңге кеткен. Дегенмен, бұл көрсеткіш өткен жылғыға қарағанда 27 пайызға аз деп хабарлайды tengrinews.kz.

Бұл сатып алынған көліктердің 97 пайызы Қазақстанда құралған. Ал, шетелден алынған көліктер саны – 99. Дегенмен, бұл саладағы көрсеткіш те жыл санып түсіп келе жатыр. Бұрындары 5 млрд-қа жуық ақшаға шетелдік көлік алынса, қазіргі көрсеткіш 1 млрд-қа жетпейді.

Отандық өндірістің негізгі маркалары – Ресейге тиесілі. LADA 4×4 маркалы автомобиль 642 данамен мемлекеттік органдар сатып алған көліктер тізімінде көш бастап тұр. Одан ары LADA Vesta (208 дана), Skoda Octavia (186), Chevrolet Niva (155), Skoda Superb (152), JAC S5 (140), KIA Cerato (138), KIA Sorento (132), УАЗ 396295 (110), УАЗ 390995 (109).

«2017 жылы мемлекеттік сатып алуларда шетелдік қымбат көліктерді әкелу бірден өскені байқалды. Сол кездің өзінде қазақстандық автозауыттарда жеңіл көліктердің 10 түрінен 60-тан аса модельдері шығарылатын. Олардың көрсеткіші шетелдік көліктерден бір де кем емес. Қазавтопромның қазіргі өндірісі өте ауқымды: қалаға арналған экономды седандардан бастап жолталғамайтындарға, ауылдық жерлердің жолы мен құбылмалы ауа райына бейімделіп жасалған автокөліктер. Біз үшін биылғы көрсеткіш көңіл толарлық дәрежеде, — дейді «ҚазАвтоПром» Қазақстанның автомобиль саласындағы кәсіпорындар одағы» директорлар кеңесінің төрағасы Олег Алфёров.

Фото: 7kun.kz

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.