Шымкент қаласының Еңбекші ауданы Забадам шағын ауданындағы жеке тұрғын үйде бүгін таңертең болған жарылыстан зардап шеккен екі адам қалалық ауруxананың жан сақтау бөліміне түсті.

Жарылыс болған үйдің маңын таңертеңне бері полиция қоршап тұр. Оқиға болған жерде құқық органдары, медициналық жедел жәрдем мен төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері мен әскерилер жүр.

Шағын ауданның тұрғыны Салима Өскенбаеваның Азаттық тілшісіне айтуынша, 11 ақпанда таңертеңгі сағат он жарымдар шамасында қатты жарылыс даусы естілген.

«Қатты қорқып кеттік. Жедел жәрдем келгеннен кейін үйдің жан-жағын жарты сағаттың ішінде полиция қоршап алды» дейді ол.

Тұрғындардың сөзінше, жарылыс болған жеке тұрғын үйде үш баласы бар жас отбасы тұрған. Жарылыс балалар мектеп пен балабақшаға, әйелі жұмысқа кеткен кезде болған.

Жарылыс салдарынан жарақат алған екі адам жедел жәрдем көлігімен Шымкенттегі №1 қалалық ауруxананың жан сақтау бөліміне жеткізілген. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі зардап шеккендерге ота жасалып жатқанын xабарлады.

Шымкент қалалық полиция департаменті жарылыстың себебі анықталып жатқанын айтады.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.