Ақтау қалалық сотының (бұрынғы) төрағасы Мәлік КЕНЖӘЛИЕВ өзінің қызметтен заңсыз қуылғанын айтады. Оның айтуынша,  жазсықсыз жанды соттамағаны үшін осындай күйге түскен. facebook.com  желісінде судьяның видео сұхбаты жарияланды. 

-Жоғарғы сот төрағасы Жақып АСАНОВ, қылмыстық істер бойынша судьялар коллегиясының төрағасы Абай РАХМЕТУЛИН, Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ержан ДӘУЛИЕВ қызметімнен заңсыз алып тастады. Ақбердиеваны ақтағаным үшін осының барлығы болып жатыр. Ақбердиеваға саяси мотив бойынша экстремизм бабымен айып тағылған еді. Мен бұл жайында бұған дейін де айтқанмын. Сондықтан да азаматтардың құқығын қорғау үшін арнайы брифинг өткізіп, президентке үндеу жолдамақ едім. Алайда, полиция оған кедергі келтіріп отыр, — деді Мәлік Кенжәлиев өз видео үндеуінде.

Мәлік Кенжәлиев айтып отырған 39 жастағы Айгүл АҚБЕРДИЕВА 2019 жылдың 6-ақпанында ақталып шыққан еді. Судья Гүлнар БАЙТҰРОВА айыпталушы ісінде «қылмыстық құрам» жоқ деп үкім шығарған. Былтырғы жылдың тамыз айында басталған іс осылай аяқталған-ды. Ақберидева оппозициялық саясаткер Мұхтар ӘБЛЯЗОВТЫҢ «Қазақстан демократиялық таңдауы» қозғалысын қолдады және билікті күшпен тартып алуды үндеді деп айыпталған.

Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мәлік Кенжәлиев судья этикасына жат қылығы үшін орнынан алынған.

Жергілікті Лада басылымының жазуынша, судья Каспий теңізінің жағасынан үй салу үшін Өзбекстан азаматтарын 3,6 миллион теңгеге жалдайды. Алайда, келіскен қаражаттың 1,8 миллионын ғана берген. Қалған ақшаны екі жылдан бері бермей жүрген. Сондай-ақ, facebook.com әлеуметтік желісінде экс-судьядан қарызын сұраған адамның да видеосы жарияланды. Ол жерде Мәлік Кенжәлиев қарызын сұраған адамға «менің үйіме келме, полиция шақыртып қаматып жіберемін» деп сес көрсетеді. Бірақ өзінің қарыз еместігі жайлы сөз жоқ.  

Жаңаөзен мұнайшыларын соттаған судья қызметінен қуылды

Әлеуметтік желіде ақтаулық судьяның іс-әрекетін Қазақстандағы әділетсіз һәм саясиланған сот жүйесіне қарсы шыққан батыл қадам  деп бағалануда. Жалпы, судья Мәлік Кенжәлиевтің есімі тәуелсіз БАҚ-тың журналистеріне, құқыққорғаушыларға 2011 жылғы Жаңаөзен қанды қырғыны арқылы таныс. Ол 2010-2012 жылдары Жаңаөзен қалалық әкімшілік сотының төрағасы болған. Сол кезде Роза ТӨЛЕТАЕВА, Талғат САҚТАҒАНОВ, Шабдал ӨТКІЛОВ, Бауыржан НЕПЕС, Наталья ӘЖІҒАЛИЕВ сынды белсенділерді заңсыз аштық жариялады деп әкімшілік жауапқа тарқан.  

Фото: prosports.kz

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.