Қазақстан президентінің жарлығымен Ерлан Тұрғымбаев ішкі істер министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан президентінің жарлығы бүгін Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

57 жастағы Тұрғымбаев 2012 жылдан бері ішкі істер министрінің орынбасары болып істеген. 

2011 жылғы сәуір айынан бері Қазақстан ішкі істер министрлігін басқарып келген Қалмұханбет Қасымов президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды.

Қауіпсіздік кеңесінің бұрынғы хатшысы Ғабит Байжанов Қазақстан президентінің жарлығымен сыртқы барлау қызметінің («Сырбар») директоры болып тағайындалды.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.