12 ақпанда Астанада Азаттық тілшісі Сәния Тойкенді қызмет бабымен бірнеше анадан сұхбат алмақ болып, олардың үйіне барғанда полиция басқармаға алып кеткен.

— Билікке талап қойған бірнеше ана маған хабарласып, қысым болып жатқанын айтты. Солардың бірі Сәбира Есімханованың үйіне сұхбат алуға бардым. Кейін «Көктал-1» шағын ауданында тұратын ана Күнсұлу Ысқақованың үйіне де сұхбат алу үшін келгенмін. Ол жерге барғанда полиция торуылдап жүр екен. Полиция жеке үйге не үшін келгенімді сұрап, басқармаға бару керектігімді айтты, — дейді Азаттық тілшісі.

Сәния Тойкен полиция қызметкерлерімен бірге Сарыарқа аудандық полиция басқармасына барған. Басқарманың қылмыстық іздестіру бөлімінің басшысы Данияр Әділов Азаттық тілшісімен жарты сағаттай сөйлесіп, кейін босатқан.

Әділов Азаттық тілшісіне «Күнсұлу Ысқақовтың үйіне ұрлық түскен сияқты, сондықтан полиция күзетіп тұр» деген.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.