Алматы. 4 желтоқсан. 7kun.kz —  2017 жылы Android-ке арналған ең жақсы бағдарлама ретінде Photo Lab фоторедакторы таңдалды. Оны телефонына 50 миллион қолданушы орнатқан. Google Play бұл таңдау бағдарламаның әдемі дизайнымен, ерекше жаңартуларымен және танымалдылығымен ерекшеленгені арқасында таңдалғанын түсіндірді.

Үздік ойын-сауық қосымшасы ретінде VK Live танылды. Сондай-ақ, ол 2017 жылы жүктеу саны бойынша көшбасшы болды. Осы уақыт аралығында бұл қосымшаны 5 миллион пайдаланушыны орнатқан.

Үздік әлеуметтік қосымша атауы бойынша бағыт іздеуге арналған BeepCar таңдалды. Үздік тәуліктік көмекші ретінде алға шыққан қосымша — естеліктерді сақтай алатын күнтізбе Journey. Инновациялық қосымшалар арасында үздік болып танылған қосымша — саяхатшыларға арналған Airbnb қызмет желісі. Ал, балаларға арналған ең жақсы таңдау — «Star Walk Астрономиясы» қосымшасына жасалды.

«Ең үлкен жасырын шама» номинациясы бойынша үздік атанған «Be My Eyes» қосымшасы болды. Оның көмегі арқылы волонтерлер әртүрлі жағдайларда көмек сұрайтын көру қабілеті бұзылған адамдардың бейне қоңырауларына жауап бере алады.

Запись Google Play үздік қосымшалар рейтингін жариялады впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.