Алматы облысының Панфилов ауданында бүтін бір ауыл су, жарық, жолсыз отыр. Өркениеттен қол үзген 1000-ға жуық тұрғын Жас Алаш редакциясына көмек сұрап хабарласты. Тұрғындардың айтуынша, елді мекенде 20 жылдан бері электр жарығы жоқ. Жөні түзу жолға зәру. Тіпті, ауылдың аты да жоқ. Сол себепті баспаналарын да заңдастыра алмай отыр.

27 жылдан бері ат қойылмаған ауыл

Көктал ауылының жанында орналасқан 400-ге жуық түтіннің біразы электр жарығын тоқырау жылдарында пайдаланған мотордан алады. Қас қарайса балалар диодты шаммен сабақ оқуға мәжбүр. Алайда, тұрғындардың басты мұңы бұл емес. Барлығының мемлекеттік актісі бола тұра басыбайлы баспаналарын заңдастыра алмай отыр.

27 жылдан бері ат қойылмаған ауыл

— Жер мен үйдің құжатын жасау үшін жергілікті әкімдік 160 пен 300 мың теңге арасында ақша сұрайды. Менің анам зейнеткер. Несиесі де бар. Ондай ақшаны қайдан алады, — дейді Біржан БОЛЫСБЕКОВ.

Аты жоқ ауылда  жұмыссыздық мәселесі де бар. Мұндағылардың көбі балаларға тиесілі төлемақыға күн көреді. Алайда, оның өзін ала алмайтындар көп.

27 жылдан бері ат қойылмаған ауыл

— Балаларға берілетін жәрдемақыны бермей қойды. Отбасымыздың айлық табысына мүгедектік үшін берілетін төлемді де қосып қойған екен. 5-10 теңге тапсаң соны кіріске кіргізіп тастайды. Тауығың, сиырың болса «сенің жағдайың бар», деп бермейді, — дейді күміс алқа иегері Анархан ТЕЛТАЕВА.

Жуырда аудан әкімі Темірлан БЕКТАСОВТЫҢ өткен есептік жиынына бұл ауылдың тұрғындары кіре алмапты. Мәселені айту үшін әкімдік ғимаратына барғанмен проблеманы жауаптыларға жеткізу қиын дейді.

«Жас Алаш» тілшісі Көктал ауылының әкімімен осы мәселеге орай кездесті.

27 жылдан бері ат қойылмаған ауыл

— Негізі, заң бойынша суын, светін тартып беру керек. Бірақ кезінде ондай мүмкіндік болмағандықтан 92-жылдан бастап үйлер беріліп кеткен. Көшелердің жобалық-сметалық құжаттарын ауданға бердік. Биыл қаражат бөлінсе жасаймыз. Бұған үлкен ақша керек, — дейді әкім Бақыт НҮРЕЛОВ.

Атауы жоқ елді мекеннің мәселесімен облыс атқамінерлері де таныс екен.

27 жылдан бері ат қойылмаған ауыл

— Аудан әкімдігінің өкілдері бүгінгі таңда облысқа сұраныстарын жасап жатыр. Ол мәселе алдағы мәслихаттың сессиясында қаралатын болады. Және сол шешім қабылданатын болса инженерлік-инфроқұрылымның барлығын тұрғызуға қаржы бөлінетін болады, — дейді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат ЖҮКЕЛ.

Ата-аналар жақын маңдағы мектепке қатынайтын балаларының жағдайына да алаңдайтындарын айтады. Қазір бұл ауылда 200-ге жуық оқушы бар екен. Жаңбыр жауса олар лай-балшықты кешуге мәжбүр.

Бір қызығы, 27 жыл бойы бұл елдімекеннің ешбір шенеуніктің көзіне түспегені. Ауыл халқының да төзімділігі таңқалдырады.

27 жылдан бері ат қойылмаған ауыл

Фотолар автордікі.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.