Шығыс Қазақстан облысына қарасты Зайсан қаласында тұратын көп балалы ана Құралай МҰХАМЕДРАХИМОВА баспана сұрағаны үшін қысым көре бастапты. 2019 жылдың 28 ақпан күні сайтымызға «Зайсанның әкімі көп балалы аналарды қуып шықты» атты мақала шыққан болатын. Ол жерде заң бойынша берілуі тиіс пәтер мен сапасыз салынған үйдің  жайын айтып келген көп балалы аналарды әкім Темірбек ҚАСЫМЖАНОВТЫҢ қуып жібергені жазылған-ды. Баспана зарын тартып жүрген аналар шенеуніктің үстіне прокуратураға да шағымданған. Алайда, іске құзырлы орган емес аудандық аурухананың бас дәрігері Айтбек СҰЛТАНОВ араласыпты. 

— Бас дәрігеріміз Сұлтанов Айтбек Дайырұлы келді. Меңгерушінің кабинетіне шақырып алып, әңгімесін бастады. Сондағы айтқаны сен әкімдікке барыпсың ғой. Сен барлық жерге арызданыпсың ғой. Әкімшіліктегілер жолды, іс-сапарға жұмсаған қаражаттың бәрін өндіріп аламыз деп айтты деді. Ол менің осыған дейінгі жазған шағымым бойынша шақыртуларға жұмсаған қаржыларын айтты. Мен өзім оларды қайда шақыртқанын, қайда барғандарынан бейхабармын. Маған келіп жағдайыңды айтпайсың деген сылтау айтты. Ал менің жарым жан балам бар екенін, қандай күйде тұрып жатқанымды әріптестерімнің бәрі біледі. Осындағы жұмысшылардың бәрі куә. Мен тек аудан әкімінен үй сұрадым. Оның өзінде де арнайы хабылдауына жазылып тұрып. Енді маған айтып отырғанын қараңыз. Мен сені жұмыстан шығара аламын. Жолдасың екеуіңді қызметтерін дұрыс істемейді деген айып тағып, қызметтен босатуыма болады деп, бір сөзбен айтқанда қорқытты – дейді, Құралай МҰХАМЕДРАХИМОВА. 

Біздің кейіпкеріміз Құралай Зайсандағы емханада медбике болып еңбек етсе, жолдасы электрик болып жұмыс жасайды. Алты балалары бар. Бір перзенттері екінші топтағы мүгедек. Пәтер кезекте тұрғандарына 9-жыл болыпты. Кезектің алға жылжымайтынын айтады. Тіпті 26 орыннан 350 орынға түсіп қалған.

Фото автордікі.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.