8-наурыз күні DAZN стреминг қызметімен 3 жылдық келісім-шартқа отырғалы бері қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) ендігі қарсыласы кім болуы мүмкін деген сұрақ қызу талқыланып жатыр.

Бұл сұрақтың алғашқы бір нұсқасын Boxing247.com журналисті Джеймс Слейтер айтты. Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлады.

Журналистің болжамынша Гловкиннің DAZN стриминг қызметімен келісімшарт бойынша алғашқы жекпе-жегіне жарайтын екі боксшы бар.

Қазірге бір анық нәрсе – Головкиннің маусым айында рингке шығатыны. Ал, негізгі жауапты бүгін-ертең белгілі болуы мүмкін. Өйткені, наурыздың 11-нен 12-не қараған түні Лос-Анджелесте Головкин мен DAZN арасындағы ықпалдастық жөнінде баспасөз мәслихаты өтеді. Осы кеште қазақстандықтың маусымдағы қарсыласының аты аталуы мүмкін деп күтілуде.

Ал, журналист Слейтер бұл жайлы:

«Маусымда Головкиннің қарсыласы кім болуы мүмкін? Давид Лемье? GGG-дің DAZN-дегі дебюті үшін лайықты қарсылас, бір жағынан қауіпсіз деуге болады. Бірақ Лемье 160 фунтқа қайта түсе ме? Мүмкін, Хайме Мунгия? Бұл қызық жекпе-жек болатын еді. Алайда мексикалық жас жұлдыз GGG-ге қарсы тұруға дайын ба?

Күтпеген жекпе-жек болуы мүмкін бе? DAZN-нің қолында дайын біреу бар шығар. Дегенмен Головкиннің кіммен жұдырықтасатынын айту қиын. Алайда оны жақында үлкен жекпе-жектер күтіп трғанын білеміз. «Канеломен» трилогия жақын (немесе Головкин — Джейкобс қарымтасы)», — дейді.

Фото: vesti.kz

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.