Бұрынғы ұлттық экономика министрі  Қуандық БИШІМБАЕВ Шымкенттегі қауіпсіздік деңгейі орташа мекемеге ауыстырылды. Бұл туралы Жас АЛАШ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.                       

«Қуандық Бишімбаев осы жылдың 15 ақпанында Шымкенттегі қауіпсіздік деңгейі орташа 167/3 мекемесіне ауыстырылды», — делінген комитеттің tengrinews.kz редакциясы жолдаған сұраққа берген жауапта.

2018 жылы судья Әділхан ШАЙХСЛАМОВ Бишімбаевті Қылмыстық кодекстің 28-бабының 3-бөлімі («Қылмыстық құқық бұзушылық жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық ету, сол сияқты қылмыстық топты құру не оған басшылық ету»), 189-бабы 4-бөлімінің 2-тармағы («Топ болып немесе астыртын сөз байласып, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салуды ұйымдастыру») бойынша айыпты деп танылып, 10-жылға сотталған еді. 

Фото: azattyq.org

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.