«Атажұрт еріктілер» тіркелмеген қоғамдық ұйымының басшысы Серікжан БІЛӘШҰЛЫН Астана қаласы полиция департаменті ұстады. Бұл туралы Жас АЛАШ Астана қаласы прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.

Астаналық полиция 2019 жылғы 10 наурызда ұлттық алауыздықты қоздыру күдігімен Серікжан Біләшұлын ұстаған.Бұған оның 2019 жылғы 8 ақпанда Алматы қаласында еске алу іс-шарасы кезінде ашық түрде айтылған этникалық қытайлықтарға қарсы «жиһадқа» — соғысқа шақыруы негіз болыпты.

«Бұл факт бойынша Астана қаласының Полиция департаментімен 2019 жылғы 21 қаңтарда  жергілікті тұрғынның арызы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабаның 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу өндірісі басталды. Серікжан Біләшұлының сөзінде ұлттық алауыздықты қоздыруға шақырудың болғаны политологиялық сараптаманың №499 2019 жылғы 5 наурыздағы  қортындысымен, әлеуметтік желіден алынған бейнежазбалармен, куәгерлердің жауаптарымен және басқа құжаттармен расталып отыр», — делінген хабарламада.

Көрсетілген күдіктіге қатысты барлық іс-әрекеттер ішкі істер органдарымен қылмыстық процестік заңнама аясында жүргізілген.Бүгін, 2019 жылғы 11 наурызда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотымен Серікжан Біләшұлына қатысты 2 айға «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Сотқа дейінгі өндіріс жалғастырылуда.

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.