Алматы облысында миллиондаған қарызы бар 10-нан астам шаруа қожалығы кәсібін тоқтатуы мүмкін. Ұйғыр ауданындағы ыстық сумен дақылдарын суғарып, туризм бағытын дамытуды көздеген кәсіпкерлерді салық комитеті жер қойнауын пайдаланушылар қатарына қосқан екен.

Сағынтаев мәселені шешпеді, үміт Маминде

2016 жылы салық туралы заңға өзгерістер енген соң, Ұйғыр ауданындағы шаруа қожалықтарының жетекшілері  пайдаланған ыстық судың текше метріне 7 теңге емес,  2125 теңге төлеуі тиіс болған. Толық зерттелмей қабылданған құжаттың салдарынан  шаруалардың мемлекетке төлеуі тиіс салығы табыстарынан 10 есе асып кеткен. Аталған заң 2 жыл жұмыс істеп, шаруалардың шағымынан кейін былтыр бұрынғы тариф күшіне енген екен.  Алайда, салық комитетінің салғырттығынан пайда болған миллиондар әлі күнге дейін шаруалардың мойнында.

Сағынтаев мәселені шешпеді, үміт Маминде          

«2016-2017 жылдың арасында республика бюджетіне 158 миллион теңге қарыз боп шыға келдік. Фискалды орган өкілдері банктегі есепшотымыз бен мүліктерімізді бұғаттап тастады. Кәсібіміз құрдымға кетіп барады. Сол себепті БАҚ өкілдерінің көмегіне жүгінуден басқа амалымыз қалмай отыр»-дейді “Қайрат” шаруа қожалығының жетекшісі Гүлвира ҚАҺАРОВА.

Ұйғыр ауданында ыстық су пайдаланып, суармалы егінмен айналысатын 300-ге жуық шаруа қожалығы, одан бөлек, туризм бағытын қолға алған 40-тан астам демалыс аймағы бар. Басқа тіршілік нәрі болмағандықтан барлығы да ыстық суды пайдаланады. Ал, салықшылардың оларды жер қойнауын пайдаланушылар қатарына не үшін қосқаны белгісіз.

Сағынтаев мәселені шешпеді, үміт Маминде

«Алдымен, 6 шаруа қожалығына төлетейін деп отыр. Егер біз оны жасайтын болсақ, басқа 50 кәсіпкерге дәл осылай қарыз жүктемек. Мұны салық басқармасындағылардың өздері айтып отыр. Бұл — жер астынан ағып жатқан термалды су. Ешкім қазып, жер астынан су тартып жатқан жоқ. Өздігінен кеп жатқан табиғи құбылыс. Біз ол үшін неге ақы төлеуіміз керек? Жұмысшылардың айлығын да төлей алмай жатқанда 108 миллион теңгені қалай қайтарам? Орта және шағын кәсіптің дамуына кедергі жасамаңдар деген президент тапсырмасы қайда қалды?«-дейді кәсіпкер Әшімжан ИМИРОВ.

Сағынтаев мәселені шешпеді, үміт Маминде

Туындаған салық мәселесінен соң, 10 қожалық бірігіп, барлық құзырлы мекеменің табалдырығын тоздырған екен. Кәсіпкерлер бұрынғы премьер Бақытжан САҒЫНТАЕВ пен  экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Мәжіліс депутаты Азат ПЕРУАШЕВҚА да мәселе көтеріп, сауал жолдағандарын айтады. Алайда, осы күнге дейін нақты шешім болмаған көрінеді.

Сағынтаев мәселені шешпеді, үміт Маминде

Рустам ХАКИМОВ, Облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілі:Бұл мәселеге палата өкілдері мен туризм басқармасының бақылауында. Жоспарлы жұмыстар атқарылып жатыр. Мәселен,  бүгін тағы да министрлікке хат жолдаймыз. Жуық арада жауап келуі тиіс”.

Қазір кәсіпкерлердің мемлекет алдындағы қарызы орта есеппен 100 миллион теңгені құрап отыр. Мұндай берешегі бар 10 кәсіпкер бар. Бірақ  табысымыз аз болғандықтан мұны қайтару біз үшін ауыр, дейді фермерлер. Сол себепті, кәсіпкерлер салық кодексіндегі олқылықтарды жаңадан келген премьер-министр Асқар МАМИНГЕ жеткізуді көздеп отыр.

Сағынтаев мәселені шешпеді, үміт Маминде Фотолар автордікі. 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.