Жамбыл облысына қарасты Байзақ ауданының халқы жолдың жайын жиі айтып шағымданатын. «Жол азабын жүрген білер» демекші, оған өзіміз де куәміз. Жас АЛАШ тілшісі  Байзақ ауданының біршама ауылдарын аралап қайтты.  Сол кезде байқағанымыз, байзақтағы жолдың жағдайы  біршама жақсарып қалыпты.

Мәселен, 2018 жылы аудандық маңызы бар 132,07 шақырым автомобиль жолдарының 107,27 шақырымы немесе 81,2 пайызы тиісті сарапшылардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайда деген бағасын алған.

Былтырғы жылы аудандық мәндегі автомобиль жолдарына, елді мекен көшелеріне және жаяу соқпақтарға орта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша жалпы 402,4 миллион теңге бөлінді, аудандық мәндегі 4 автомобиль жолының 17,88 шақырымы, 9 көшенің 4,4 шақырымы, 2 жаяу соқпақтардың 1,7 шақырымына жөндеу жұмыстары жүргізіліп толық аяқталды. Бұл ретте қаржыландыру жағдайын 2017-ші жылмен салыстырғанда   76 % өскенін көрсетеді екен.

Ал аудандық мәндегі 9 автомобиль жолының 59,97 шақырымына жалпы 1500 м2 ойық жамау жұмыстары жүргізіліпті. 2 елді мекеннің 3,5 шақырымына 10750 м2  шағал тас төсеу жұмыстары және 5 елді мекен көшелерін ойық жамау жұмыстары атқарылған.

Ал биылғы жылға аудандық мәндегі автомобиль жолдарына, елді мекен көшелеріне және көпірлерге, құбырларға орта және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша жалпы 485,4 миллион теңге бөлініпті. Сонымен қатар, 20,35 шақырымды құрайтын 4 автомобиль жолына орта жөндеу жұмыстарына 350,8 миллион теңге, 3,7 шақырым болатын 5 елді мекен көшелеріне 59,6 миллион теңге және  5 көпір мен темір бетонды құбырларға 37,4 миллион теңгеге жөндеу жұмыстары және 8 аудандық мәндегі жолдың 57,8 шақырымына ойық жамау, 2 елді мекен көшелеріне 3,15 шақырымына шағал тас төсеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланып отыр екен. Бұл саладағы қаржыландыру жағдайы өткен 2018-ші жылмен салыстырғанда   69 %  өсіп отыр.

Фото: zakon.kz

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.