Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған Мадина ӘБІЛҚАСЫМОВА жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Жас АЛАШ премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Енді Мадина ЕРАСЫЛҚЫЗЫ ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары.

«ҚР Үкіметінің Қаулысымен Әбілқасымова Мәдина Ерасылқызы ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалды», — денлінге үкіметтің сайтында.

Бақытжан САҒЫНТАЕВТЫҢ үкіметке отставкаға кеткенге дейін Мадина Әбілқасымова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған еді. Бар-жоғы бір жыл министр болған ол БАҚ-де көп сынға ұшырады. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде оның отставкасы талап етілген болатын. Оған себеп 2019 жылдың 4 ақпан күні Астанада болған трагедия. Апалы-сіңлі бес қыз өртен қайтыс болған еді.

Фото: sputniknews.kz

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.