АҚШ конгресінің өкілдер палатасы Ресейдің оппозицияның лидері Борис Немцовтың қазасына халықаралық тергеу жүргізуге шақырып, қастандыққа қатысы бар азаматтарға санкция жариялау туралы қарар қабылдады. Құжатты 416 адам қолдап дауыс берген. Бір адам қарсы шыққан.

Қабылданған қарар «Ресей президенті Владимир Путин мен оның үкіметі саяси қарсыластарына қастандық жасайды» деп жазылған.

Путин мен оның айналасындағы саясаткерлер «Немцов қазасын бүркемелейді» деп жиі айыпталады. Вашингтон қабылдаған құжат Мәскеуді саясаткер қазасына халықаралық тергеу жүргізуге, қазаға қатысы барларды санкция тізіміне қосуға шақырады.         

Бұдан бөлек, қарарда АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мен Ұлттық барлау қызметінің директоры Дэн Коутс екеуі бірігіп, Немцовтың қазасы жайлы конгреске баяндама дайындау қажеттігі жазылған. Қарар ұсыныс сипатында жазылған және құжатты әлі сенат бекітуі керек.

Фотогалерея: Немцовтың өмірі мен қазасы

Ресейлік оппозиционер Борис Немцов 2015 жылы ақпанның 28-іне қараған түні Мәскеу қаласында Кремльге жақын маңдағы көпір үстінде ту сыртынан атқан алты оқтан ажал құшты. Оның қазасы бойынша айыпталғандарға сот үкімі 2017 жылы шілдеде шыққан.

Саясаткерді атып өлтірген Заур Дадаевты 20 жылға бас бостандығынан айырды, тағы төрт адамға 11 жылдан 19 жылға дейінгі мерзімге түрме жазасы тағайындалды. Адам өлтіруге кім тапсырыс бергені әлі күнге дейін анықталған жоқ.​

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.