Шымкент қаласындағы 167\3 түзеу мекемесіне ауыстырылған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық БИШІМБАЕВ жұмыс жасамайды екен. Бірақ түрмедегі мәдени іс-шаралға ат салысқысы келеді екен. Бұл туралыс Жас АЛАШ Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Астана телеарнасының Шымкенттегі тілшісі Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ экс-министрді таспаға түсіре алмаған. Себебі ол журналисттермен кездесуден бас тартқан.

Бишімбаев екінші қабатта 14 адамға арналған бөлмеде орналасыпты. Жататын жердің аумағы небәрі екі шаршы метр екен.

Қазіргі басқа сотталғандармен бірге  № 2 жасаққа орналастырдық. Бүгінгі таңда оған ешқандай ерекше көзқарас, ерекше жағдай жасалынған жоқ. Тәртіп бәріне бір. Сонымен қоса айтарымыз барлық заңды талаптарды атқарып жатыр. Тәртіп бұзған емес. Сотталған Бишімбаев жұмысқа орналасуға ниет білдірмеді әлі осы күнге дейін. Бірақ, мекеменің мәдени іс-шараларына қатысуға ниет білдіріп, өтініш жасады, — дейді Шымкент қаласындағы 167\3 түзету мекемесінің бастығы   Бағдат ӘСІЛБЕКОВ. 

Фото: azattyq.org

 

 

 

 

 

 

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.