«Атлетико» клубының шабуылшысы француз Антуан ГРИЗМАНН Чемпиондар Лигасындағы жеңіліске қатысты пікір білдіріпті. Бұл туралы Жас АЛАШ УЕФА-ның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кеше түнде Италияның Турин қаласында Ювентус пен Атлетико арасында қарымта ойын өткен еді. Бірінші ойында Диего СИМЕОНЕ шәкірттері өз алаңдарында 2-0 есебімен жеңіске жеткен еді.

«Альянц Стэдиум» стадионында италиялық команда 3-0 есебімен жеңді. Жалпы есеп 3-2. 1\4 финалға Ювентус шығып отыр.

«Біз өз футболымызды көрсете алмадық. Дұрыс ойын таңдай алмадық. Бүкіл команданың көңіл күйі түсіңкі.Матчтың тағдырын шешпегенімен жауапкершіліктен жалтармаймын. Бүгін Ювентус бізден бір бас жоғары болды. Роналду – ұлы ойыншы. Үш сәті болды. Үшеуін де голға айналдырды», — деді әлем чемпионы Антуан Гризманн.

Фото: champions.football.ua

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.