Мемлекеттік бағдарламамен несие алған Алматы облысының фермерлері Мұхтар АҚЫНОВ пен Жанатбек ҚҰРМАШЕВ Үкімет төлеуі тиіс субсидияларын ала алмай жүр. Шаруалардың айтуынша, тиісті төлемді облыстық ауылшаруашылығы басқармасы мен “Аграрлық несие корпорациясы” беруі керек болған. Алайда, шаруалар жауаптылар келісім-шартта көрсетілген міндеттерін орындамай отыр дейді.

Басқарма бастығы парамен ұсталды: Малшылар субсидиядан қағылды

Мұхтар Ақынов етті бағыттағы “Ордабасы” қойларын оңтүстіктен Алматы облысына әкелген алғашқы фермер. 2015 жылы “Алтын асық” бағдарламасы бойынша 14 пайызбен 6 миллион теңге несие рәсімдеп, 220 бас саулық пен 10 қошқар сатып алады. Бағдарлама шарты бойынша фермер төлеуі тиіс кредиттің 10 процентін “Аграрлық несие корпорациясы” мен Облыстық ауылшаруашылығы басқармасы қайтару керек болған. Алайда, үш жылда 5 миллионнан астам теңге төлеген шаруаға әлі күнге дейін ешқандай субсидия берілмеген екен.

Басқарма бастығы парамен ұсталды: Малшылар субсидиядан қағылды

«Біз төледік, бірақ субсидия берілмеді. Өйткені, ол агрокорпорация мен ауылшаруашылығы басқармасы арасында келісім-шартпен жасалады екен. Оны бізге ешкім ескерткен жоқ, біздбен жасалған келісім-шартта ондай мәселе көрсетілмеген. Егер бізбен жасалатын болса білер едік«-дейді “Шүкейтата” шаруа қожалағының жетекшісі Мұхтар АҚЫНОВ.

“Сыбаға” бағдарламасымен 12 миллион теңге несие алып, 3 жыл бойы субсидиядан қағылғандардың тағы бірі — Жанатбек Құрмашев. Оның айтуынша, шаруа қожалығының жетекшісіне аймақ ауылшаруашылығы басқармасының берешегі 4 миллион теңгеге жеткен. Сотқа шағымданғанымен істі қараған Талдықорған қалалық соты кәсіпкердің өтінішін қанағаттандырмаған екен. Наурыздың 13 күні өткен аппеляциялық сот алғашқы инстанциялардағы шешімді өзгеріссіз қалдырған.

Басқарма бастығы парамен ұсталды: Малшылар субсидиядан қағылды

«Бұл несие берген мекеме менеджерінің қателігі. Біздің несие төлейтін уақытымызды көктемге қойған. Мал төлдейтін кезде  біз оны төлей алмаймыз. Өтінішімізден кейін несие кестесін күзге ауыстырды. Алайда, менеджер мұны ауылшаруашығы басқармасына ескертпей, есеп бергенде алғашқы графикті көрсете салған. Енді “сіз 90 күн кешіктіріп төлеп отырсыз” деп субсидия төлемей отыр. Ал біз сотта ештеңе дәлелдей алмадық»-дейді Сарқан ауданының фермері Жанатбек ҚҰРМАШЕВ.

Заңда көрсетілген субсидияға қол жеткізе алмағандар сол кездегі ауылшаруашылығы басқармасының басшысы болып, былтыр пара алды деген күдікпен ұсталған Сексембай БЕКІШЕВКЕ барғандарын айтады. Алайда, ол да бұл проблеманы қараусыз қалдырған көрінеді. Мәселені шешуге ешкім құлық танытпаған соң, облыс басшысына да кірмек болған.

Мұхтар АҚЫНОВ, фермер:»Баталовқа кірейін дедім оған кіргізбейді екен. Кіру үшін 500 адам кезекте тұр дейді. Маған кезек қай уақытта жетеді? Біз жұмыс істеп жатқан адамбыз, проблемамыз күннен күнге асқынып отыр. Біз жаңадан бастаған шаруа қожалығымыз».

Ауылшаруашылығы басқармасындағылар бұрын министрліктің құзырында болған бағдарлама 2016 жылы облыс бақылауына берілгенін айтады. Ал, несие берген аграрлық корпорация фермерлердің құжатын басқармаға 2017 жылы бір-ақ тапсырған боп шықты. Сол себепті 2 жыл бойы тиісті төлем жасаған шаруашылық жетекшілері несиені кешіктіріп төлегендер қатарына қосылып кеткен. Басқарманың бас маманы өзгерген қаулыға байланысты оларға субсидия берілмейді деп қысқа қайырды.

Басқарма бастығы парамен ұсталды: Малшылар субсидиядан қағылды

Мақсат БАЙТУҒАЕВ, Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бас маманы:Егер олар сотқа жүгініп, сот оларға субсидия төленуі тиіс деген шешім шығарса біз онда төлеуге міндеттіміз. Ал шешім қанағаттандырылмаса басқа мекемелерге шағымданса болады”.

Кәсіпкерлердің сөзінше, проблема бағдарламаны оңтайлы жүзеге асыра алмаған басқарманың шикілігінен туындап отыр. Алайда, мұны дәлелдеу олар үшін қиын екенін айтады. Сотқа да сенуден қалдық деген фермерлер мәселелерін енді Астанаға барып шешуге бел буып отыр.

Фотолар автордікі.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.