Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы Кок-Таш ауылында Ош-Исфан бағытындағы жүзге тарта көлік тоқтап тұр. Жүргізушілер тәжік шекарасына өте алмай тұр. Бұл туралы Азаттықтың қырғыз қызметі хабарлады.

Торт-Кочо ауылында да тап осындай жағдай.

13 наурызда екі ел шекарасында жүздеген азамат қақтығысып қалған. Анклав тұрғындары Ақ-Сай — Тамдык жолының салынуына қарсылық танытқан. Тоғыз сағатқа жалғасқан даудың кейін реттелгені хабарланды.

Қырғызстанның Баткен облысының аумағындағы Ворух тәжік анклавы тұрғындары Ош (Қырғызстан) — Исфана (Тәжікстан) тас жолының Жака — Орук бөлігін жапқан.

Екі ел шекарасының маңына Қырғызстан мен Тәжікстан азаматтары жиналып, бір-біріне тас атқаны да айтылды. Екі тарапта да жапа жеккендер бар.  

Өткен аптада Ворух анклавының маңынан өтетін Ақ-Сай — Тамдык жолының құрылысы қайта жалғасқан. Жергілікті билік өкілдері жиналған халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Ал Баткен облысының билігі тәжік тарапымен де келіссөз басталғанын хабарлады.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.