Қызылорда облысындағы мектептегі психолог Ләззат ШӘУЕНОВА БҰҰ-ның ЮНИСЕФ балалар қоры әзірлеген бағдарламаға көңілі тоймайтын айтады. Бұл жоба мектептегі суицитті тоқтауға бағытталған. Алайда статистика балалардың өз-өздеріне қол жұмсауы көбейгенін көрсетіп отыр дейді.  

«Пилоттық жоба жемісін берсе 2017 жылы Қызылорда облысы бойынша 6 бала екен өз-өзіне қол жұмсаған, ал енді 18-де ол 13-ке көтеріліпті. Бұл сонда жеміс берсе неге соншалықты көтеріледі. Соған қарағанда мен ешқандай жеміс берді деп ойламаймын»,- дейді психолог.

Өміріңізді қиюға соңғы рет әрекет жасағанда қандай әдісті қолдандыңыз? Психологтың айтуынша, аталған жобадағы сауалнамада осындай сұрақтар кездеседі екен. Қызылорда облысында 8-10 сыныптарда оқитын оқушыларға осы жоба жасалады.

Сауалнамадағы сұрақтар тым ашық және қазақ менталитетіне сай емес дейді ата-аналар.

Қызылордалық оқушыларға қорқынышты сұрақтар қойылады

«Сегізінші сыныпта оқитын ұлым үйге келіп, әкесінен сауалнама жүргізілгендігі жайында өз ойын айтты. Ең соңғы сұрақ қана есімде қалып тұр, Мен өлсем басқа адамдарға жақсы болады ма деген сұрақты неге осындай сұрақ қойылған- деп әкесінен сұрады. ЮНИСЕФ-тің дәл осындай сауалнама жүргізгендігіне ата-ана ретінде біз қарсы болып отырмыз. Осындай ойлардан кейін осы жағдайға оны итермелейтін сияқты», — дейді ата-ана Мейрамгүл САПАРБАЕВА.

Қызылордалық оқушыларға қорқынышты сұрақтар қойылады

«Мен өзім ана болғандықтан, ҚР-ның азаматы болғандықтан ондай провакационный вопростарды қоймау керек қой балалардың ойына. Айтады ғой адамның миында болса ол тұқым дейді, оны егер де тұқымды ексе ол әрі қарай өседі. Сондықтан ешқандай жаман ойды салмай керек дейді. Айтады ғой «в моих мыслях не было» деп жұрттар, сол себепті ойына салмау керек қой», — дейді тағы бір ата-ана Шарбану ЖАРКЕНОВА

 Ата-ананың сөзімен маман да келіседі.

«Өзің ашуланған кезде өзінін өмірден бас кешкен уақытын болды ма немесе қандай жолды таңдар едің басынан өткен кезде» деген сияқты балаға ауыр тиетін сұрақтар бар. Білмеймін енді, бұл әдістемені ЮНИСЕФ пилоттық жоба етіп бізге енгізді ғой. Бірақ қазақтың менталитетінде қаншалықты бұл мүмкін, біздің балалар бұл сұрақтарға жауап беруге дайын емес шығар, бұл енді сырттан келген дүние ғой түп нұсқасы қазақтан келген жоқ. Біздің балалар мүмкін бұған дайын емес шығар. Енді балаға кәдімгідей қиындық келтіреді», — дейді Жаңақорған ауданы, Келінтөбе ауылының №192 мектебінің психолог мұалімі Ләззат Шәуенова.

Жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесі күрделі екендігін айтқан облыстық білім басқармасының басшысы жаңа бағдарлама жайлы сұхбат беруден бас тартты.

«Сіз пока тұра тұрыңызшы. Мен внутренний политикамен сөйлесіп келейін. Қазір мен өзіңізбен сөйлесіп алайыншы. Шыға тұрыңыздар»,- деп қысқа қайырды Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Майра БЕДЕЛБЕКОВА.

Өз-өзіне қол салуы мүмкін деген оқушыларды анықтаймыз деген қызылордалық психологтар биыл 4-ші жыл шет елдік бағдарламамен жұмыс жасап келеді. Тіптен пилоттық жобаны жылдық жоспарға да енгізіп үлгеріпті. Сол себепті суицидті бүкіл әлем ауыр індет деп танып жатқан заманда жаңа бағдарламаны еш тексерусіз оқу процесіне қоса салуды мұғалімдер де ата-аналар да қате шешім деп ойлайды.

Қызылордалық оқушыларға қорқынышты сұрақтар қойылады

Фотолар автордікі.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.