Қарағандының халқы «Орталық бақтағы» жүздеген ағаштардан айырылып қаламыз ба деп алаңдайды. Қала әкімі Нұрлан ӘУБӘКІРОВ бастаған шенеуніктер аумағы 150 гектар парктің ішіне ТЕННИС КОРТЫН ашуға құлшынып тұр. Бұл бастаманы миллиардер Болат ӨТЕМҰРАТОВ басқаратын ҚР-ның Теннис Федерациясы көтерген.

Өткен аптада бақтың ішіндегі 10 мың шаршы метр жер қоршауға алынды. Теннис орталығына 2,2 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарда бар.  

«Құрылыс жоспарланған территорияны қоршауға мүмкіндік беретін нормативтік құжат бар. Құрылысқа рұқсат экологияға қатысты жұмыстар атқарылған соң беріледі. Наурыздың аяғында қоғамдық тыңдау өткізіледі және аумақтағы ағаштар кесілмейді, көшіріледі», — деп басу айтқан Нұрлан ЕРІКБАЙҰЛЫНА белсенділер қоғамдық тыңдау өтпей тұрып, аумақты қоршап тастағандарына наразы.

Теннис корты немесе президент екі рет ашып, екі рет жабылған зауыт

«Соңғы екі жылда саябақты жаңарту жұмыстары жүрген кезде 1 мыңнан аса ағаш қиылған болатын. Ол кезде де құрлысшылар 3 мың ағашты қайта отырғызамыз деп уәде берген. Өкінішке қарай, осы күнге дейін уәделері орындалған жоқ. Сондықтан, олардың ағашты 5 есе артық отырғызамыз деген сөзіне сену қиын. Осы тұрғыда экомұражай ұжымы прокуратураға да, полицияға да шағым түсірген болатын. Алайда, еш нәтижесіз» — деген экология жанашыры Дмитрий КАЛМЫКОВ.

Ол саябақ жеріне спорт құрылысын салуға түбегейлі қарсы. Қарағандылықтар экологиясы онсызда нашар кеншілер қаласындағы ағаштар үшін қатты уайым қылады. Экономикалық дағдарыс тұсында керісінше жаңа жұмыс орындары ашылса дейді. Бұл сөзде де жан бар.

Мәселен, Қарағанды облысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ екі рет ашса да жұмысы тоқтап қалған зауыт бар. Ол — Шахтинск синтетикалық жуғыш заттар зауыты (сабын, киім жуу ұнтағы, су сабын сынды жуынуға және жууға арналған заттар шығарған).  Былтырғы 2018 жылғы дерек бойынша отандық кәсіпкерлер ішкі сұраныстың бес-ақ пайызын өндіреді екен. Яғни күнделікті пайдаланатын сабын, су сабын, кір жуу ұнтағы, шампунь, ыдыс аяқ жуатын заттарды біз сырттан алып отырмыз.  

Теннис корты немесе президент екі рет ашып, екі рет жабылған зауыт

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы, «Бизнестің жол картасы 2020», «Даму» қоры болса да Шахтинскідегі аса қажетті зауыт дұрыстап іске қосылмай-ақ қойды. Қазір тіпті қаңырап бос тұр. 

«11 гектар аумақты алып жатқан зауыт бүгінде банкротқа ұшырады. 1974 жылы Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫНЫҢ өзі келіп ашқан. Ол кезде паркомның хатшысы еді. 1997 жыл итальяндық компания сатып алды. 2000 жылы тәуелсіз Қазақстанның президенті ретінде келіп Нұрсұлтан Назарбаев тағы да ашты. 2004 жылдың желтоқсан айынан бастап, бүгінгі күнге дейін қаржы тапшылығынан зауыт тұрып қалған. 2008 жылы қыркүйек айында  Хенкель өндірісінің тапсырысы бойынша «Денни» маркасының 50 тонна көлемінде тауары жасалынып шағарылды. Бірақ, ол жүзеге аспай қалды. 2016 жылдың наурыз айында «Таласар» ЖШС деген компания нысанды сатып алды. Енді олар инвестор іздеп жатырмыз дейді. Бірақ инвестор жоқ», — дейді Шахтинск қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің жетекшісі Серікжан КАПАЕВ.

Бұл аз десеңіз қаржысы жоспарға енген балалар ауруханасы ашылмай жатқаны тіптен қызық. 2013 жылы Бауыржан ӘБДІШЕВТІҢ кезінде Қарағандыдағы Шахтерлер даңғылында балаларға арналған 200 орындық аурухананының ірге тасы құйылған. Жобаның жалпы құны 9 млрд. теңге. Бұл яғни халықтың салығынан түскен бюджеттегі қаржы. 2015 жылы жаңа нысан пайдалануға берілуі керек еді. Сол кездегі Қарағанды облысының басшысы Нұрмұхамед ӘБДІБЕКОВ қабылдауы тиіс болатын. Жыры бітпеген аурухана ел игілігіне Ерлан ҚОШАНОВТЫҢ кезінде беріледі деп үміттенеміз. Бес жылдан бері салынып бітпей жатқан нысанға қатысты білмек болғанда жауапты әріптесіміз берді. Біз жауапты нысанға тым құрығанда басқарма басшысы пікір білдіреме деген едік.

Теннис корты немесе президент екі рет ашып, екі рет жабылған зауыт

«Мердігерлердің  шарттық міндеттерді тиісінше орындалмағанына байланысты, іске қосу мерзімі  шамамен 2020 жылы аяқталады деп жоспарлануда», — деді облыстык әкімдіктің баспасөз хатшысы Марина ШАПОВАЛОВА.  

Бірақ та қарағандылық шененуніктер Теннис кортын ашуды ойластырып, басқа шаруаларға мойындары жар бермей тұрғандай. Жоспар бойынша «Орталық бақтың» 1,5 гектарына жаңа спорт орталығын ашу көзделуде. Ол жерде 4 ашық, 7 жабық теннис алаңы болмақ екен.

Фотоларды автор ұсынды.                                                            

                                            

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.