Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мемлекеттік «Хабар» арнасына берген сұхбатында «Жайық өзеніндегі балықтың жаппай қырылуына төрт компания күдіктеліп отыр» деп мәлімдеді. 

Оның сөзінше, арнаулы комиссия «балықтар қырылуына химиялық улану себеп болды» деген қорытындыға келген. Министрдің сөзінше, күдікке ілінген төрт компанияда қазір тексеру жүріп жатыр.

Абаев әлгі сұхбатта «жеуге болмайтын балықтардың сатылымға кетіп қалмауын Атырау билігі күнде тексереді» дейді. 

Бүгін, 15 наурызда, ауыл шаруашылығы министрлігінің су шаруашылығы комитетінің төрағасы Ислам Әбішевтің қызметтен шеттетілгені хабарланды.

Министрлік бұған не себеп болғанын жазбаған.

Балықтардың жаппай өлуі былтыр желтоқсаннан бері айтыла бастады. Ауыл шаруашылығы министрлігі Атырауда 7-11 наурыз күндері Жайық өзінен 3,1 тонна өлі балықтан тазартқанын хабарлаған. 

Атырау облыстық полиция департаменті былтыр балық қырылуына байланысты «Балық қорларын қорғау ережелерін бұзу» (336-бап) және «Суды ластау, қоқыстау немесе сарқу» (328-бап) баптары бойынша екі қылмыстық іс қозғаған.

Дереккөз: Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.