Бішкектің батыс бөлігінде тұрғын үй мен жүк көлігі өртеніп жатыр деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі. 

Қырғызстанның төтенше жағдай министрлігінің дерегінше, Қостанай көшесіндегі тұрғын үйден өрт шыққан. Оқиға орнында бес өрт сөндіру тобы жұмыс істеп жатыр. 

Әлеуметтік желі қолданушылары оқиға орнынан түсірілген видеоларды да жариялап жатыр. Видеолардың бірінен өрттің жан-жаққа жайылып жатқаны, үй маңындағы жүк көлігінің өртеніп жатқаны көрінеді. Зардап шеккендер туралы әзірге дерек жоқ. 

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.