Бүгін Қарағанды облысына іс сапармен ҚР-ның Индустрия және инфрақұрлымдық даму министрі Роман СКЛЯР келді. Әдеттегідей Ерлан ҚОШАНОВТЫҢ баспасөз хатшысы Марина ШАПОВАЛОВА тек мемлекеттік БАҚ-тың журналисттерін ғана астаналық шенеунікпен кездесуге шақырды. «Жас АЛАШ» тілшісінің жұмысына тағы да кедергі келтірілді. Бұл бірінші жағдай емес. 2019 жылдың қаңтар айының соңында Саран қаласында күннен қуат алатын элект станциясының ашылуына Марина Шаповаловамен қуаласпақ ойнап барғанбыз. Мемлекеттік БАҚ-ғы әріптестерімізді бір автобусқа тиеп алған баспасөз хатшысының соңына өз көлігімізбен ілескенбіз. Бұл жолы да министрдің келгеніне біз ғана хабарсыз болып шықтық. Бұндай бөліп-жарудың қандай себебі бар екенін түсінбедік.

Алайда, министрдің іс сапарындағы ауди жазбаны қолға түсірдік. Егер баспасөз қызметі сын жазып қояды ма деп алаңдаса, шынымен де дөп түсіпті. Аппарат жиындарда қала, аудан әкімдерінен бастап басқарма басшыларын бір шыбықтың астына алатын облыс басшысы Ерлан ҚОШАНОВТЫҢ жұмысы министр Роман Склярға ұнай қоймапты.

«2017 жылы мердігер компания Теміртау-Астана тас жолын бітіреміз деп уәде берген еді. Бірақ жұмысты бітірудің орнына  2018 жылы жасаған жолдарында  жарықтар пайда бола бастады. Бұл халыққа қолайсыздық тудырды. Масқара, облыс үшін масқара! Сондықтан, түзеңіздер. Алдағы уақытта сіздерді қара тізімге кіргіземіз бе, кіргізбейміз бе жұмыстарыңызға байланысты болады. Ерлан ЖАҚАНҰЛЫ, Теміртау-Қарағанды ең маңызды участкі. Сондықтан маңызды қорытынды жасаймыз. Және өз қадағалауымызға аламыз. Сіздер үшін емес, жүргізушілердің жағдайын жақсарту үшін» -деген Роман СКЛЯРГЕ 4500 метрде пайда болған жол жарықтарын тамыз айына дейін «СейСер» ЖШС мердігер компаниясы  өз қаражатына жөндеп береміз деп тағы уәде берді.

Сондай-ақ, мердігерден бөлек тапсырыс бергендердің де кінәсі бар екенін министр бірден айтты. Роман Склярдың одан кейінг қайда барғаны бізге беймәлім.

Дегенімен, «Maker» зауытына бет алған шендімен жүздесу Қарағанды қаласында ғана бұйырды. Онда министр мырзаны Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан ӘУБӘКІРОВ пен облыс басшысының орынбасары Алмас АЙДАРОВ күтіп алды. Дәл осы жерде Роман  Склярдың сұбатына Жас алаш сайтының тілшісі де үлгерді.

«Біз бүгін облыс әкімімен бірге «АрселорМиттал Теміртау» өндірісіне бардық. Өздеріңіз білесіздер былтыр 48 күн болған апаттардың салдарынан өндіріс жұмысы тұралап қалған-ды. Қазір бірінші квартал қорытындысы бойынша, былтырғы көрсетілген нәтижелерге жетпек. «АрселорМиттал Теміртаудың» жоспары 3 млн 800 мың өнімді  4 млн 200 мыңға тоннаға дейін арыттыру», — деді министр.  

Содан кейін Роман Скляр «ФИТОХИМИЯ» АҚ-на ат басын тіреді.

Фото: kursiv.kz

 

 

 

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.