Теннис кортын саламыз деп жоспарланған құрылыстың қоршауын алып тастауға Ерлан ҚОШАНОВ тапсырма берді. Кеше ғана қала әкімі Нұрлан ӘУБӘКІРОВ қоғымдық тыңдау болмай жатып, қоршау  жайлы сұқбат беріп еді. Бүгін облыс басшысы халықпен санаспадыңдар деп қоршауды алдыртып тастады.

Сонымен қатар, ҚР-ның теннис федерациясы басшысының орынбасары  Дияс ДОСҚАРАЕВ Қарағандыға арнайы келді. Наурыз айының соңында өтетін қоғамдық тыңдалуда қарағандылықтар қарсылық білдірсе, теннис корты саябақ территориясында салынбайтынын жеткізді.

«Достар, егер халық теннис кортының құрлысына қарсы  дауыс берсе, онда қүрылыс болмайды. Бұл федерацияның ресми позициясы» -дейді Астанадан ат терлетіп жеткен теннис федерациясының вице-президенті.

Бірақ, қызығы спорт орталығын салуға халық ұсынған екен. Соның салдарынан Қарағанды әкімшілігі орталық саябақтың жерін беруге құлшыныс танытыпты-мыс…

Әубәкіровтың қоршауын Қошанов бұзды

«Бұл  әкімшілікпен федерацияның идеясы. Бірақ, ұсыныс халықтан келді. Теннис орталығын салу – Қазақстан теннис федерациясының стратегиялық жоспары. Әрине мемлекет басшысымен келісіліп, мақұлданады. Сондықтан бұл жерде өте маңызды теннистің дамуы қандай деңгейге келіп жатқаны.  Қарағанды облысында теннис корттары жетпей жатыр. Бүгінгі күнде  тенниспен айналысып жатқан балалардың саны 500-ден астам. Тағы да ниет білдіргендер саны 1500. Сондықтан, біз хаттарды қабылдап, онымен қоса әкімшіліктің хатын қабылдадық»деп ресми мәлімдеме жасады.

Әубәкіровтың қоршауын Қошанов бұзды

Фотолар автордікі.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.