Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов кәсіпқой рингтегі алтыншы кездесуінде жеңіске жетті деп хабарлайды vesti.kz сайты.

Ол АҚШ-тың Филадельфия қаласында өткен бокс кешінде мексикалық Сильверио Ортисті жеңген. 

28 жастағы Елеусінов пен 36 жастағы Ортис арасындағы жекпе-жек сегіз раундтан тұрған және екі боксшы соңына дейін күш сынасқан.   

Қазақстандық боксшы ұпай бойынша ұтып, төрешілер шешімімен жеңіс Елеусіновке берілген. 

Оқи отырыңыз: Атақ пен ақша. Қазақ боксшылары неге кәсіпқой боксты таңдайды?

2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен олимпиада чемпионы 27 жастағы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 2018 жылы сәуірдің соңында өткізген. Содан бері ол алты рет рингте бәсекелестерімен кездесіп, барлығында жеңіске жеткен, үшеуінде нокаутпен ұтқан.

 

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.