Алматы. 6 желтоқсан. 7kun.kz — Қазақстан республикасының Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Kazakhstan Global Investment roundtable (KGIR) алаңында өткізген брифингте басым салалардағы инвесторларға жасалған мүмкіндіктер туралы айтты деп хабарлайды ИЖДМ баспасөз қызметі. 

«Инвесторларды тарту және қолдау үшін біздің елде бұрын-соңды болмаған шаралардың жиынтығы бар. Олар: инвестициялық субсидиялар, заңнаманың тұрақтылығы, салықтық преференциялар және т.б. Басым салалардағы инвесторлар корпоративтік табыс пен жер салығынан 10 жыл мерзімге, мүлік салығынан 8 жылға босатылады. Сонымен қатар, инвестиция тарту тетіктерінің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі инвесторларды бизнес жүргізу үшін дайын алаңдармен қамтамасыз ету мәселесі де қарасытырылған. Осы мақсатта еліміз бойынша 11 арнайы экономикалық аймақ пен 23 индустриалды аймақ жұмыс істейді»,-деді Жеңіс Қасымбек.

Аталған шарада министр соңғы 12 жылда Қазақстан экономикасына тартылған 250 млрд доллар инвестицияның 13 пайызы тау-кен металлургия кешеніне тиісті екенін мәлімдеді.

Запись Инвесторлар жер салығынан 10 жылға босатылады — Жеңіс Қасымбек впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.