Сағынтаев Шанхай және NASDAQ-пен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

59

Алматы. 6 желтоқсан. 7kun.kz — Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Шанхай қор биржасының атқарушы вице-президенті Лиа Шатонг және NASDAQ вице-президенті Мейер Фручермен кездесті.

Кездесу барысында Астана қаласының Халықаралық қаржы орталығын жақсарту жолымен Қазақстанның және аймақтың капитал нарығын дамыту шеңберінде Шанхай қор биржасы мен NASDAQ-пен ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Орталықтың негізгі қаржы инфрақұрылымдарының бірі болуға тиіс АХҚО-ның қызметі арқылы Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы елеулі дамуды және халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз етеді.

Кездесуге қатысушылардың пікірінше, АХҚО «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бастамасының аясында әлемдегі ең маңызды және ықпалды көпжақты қарым-қатынастардың бірі болып есептеледі. Сондай-ақ, инвесторларды қаржы құралдарына қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін қаржы нарығын дамытуға озық технологияларды енгізу туралы NASDAQ компаниясының ұсыныстары қаралды

Запись Сағынтаев Шанхай және NASDAQ-пен ынтымақтастық мәселелерін талқылады впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.