Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ президент болса да конституция бойынша мемлекетте екінші адам болып қала бермек. Бұл туралы Жас АЛАШ тілшісіне Украинадағы қазақ диссиденті Ермек НАРЫМБАЙ айтты.  

«Тоқаевқа ешкім дербес саясат жүргізуге мүмкіндік бермейді. Барлық мәселе Назарбаевтың кабинетінде шешіледі. Бізде енді екі премьер-министр болды. Біреуі бас премьер-министр. Екіншісі жай үкімет басшысы», — дейді Ермек Нарымбай.

Диссидент тұңғыш президент тасада отырып мұрагерді дайындаумен айналысады деген пікірде.

«Нұрсұлтан Назарбаев өз мұрагеріне 100 пайыз сенседе оған бәрін сеніп тапсыра алмайды. Өйткені оны Құлыбаев, Мәсімов, Машкевич, Тасмағамбетовтар түтіп жейді. Сондықтан да өзінің мұрагерін өзгелер санасатындай ету үшін зорайтады», — деді Ермек Нарымбай.

Жас Алаш тілшісі саяси тұтқындар босатылуы мүмкін бе деген сұрақ та қойды.

«Негізі кез-келген жаңа президент амнистия жариялау керек қой. Арон Атабектің қазіргі жағдайы ауыр. Оны бостадыққа шығарса одан еш қауіп жоқ. Мұхтар ЖӘКІШЕВТІ де тым болмаса демократизацияға бет алдық деп бостандыққа жіберуге болады».

Ермек ЕРСАЙЫНҰЛЫ 2016 жылы Украинаға саяси миграцияға кеткен. Қазір Киев қаласында тұрады. Қазақстанда үстінен 11 рет әкімшілік іс және екі рет қылмыстық іс қозғалған. 2010 жылы түзету мекемесінде отырғанда тіркелмеген «Алға» партиясының «Азаттық» сыйлығына ие болған.

Фото: facebook.com

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.