ҚР Парламенті жоғарғы палатасы сенат спикері болып Дариға НАЗАРБАЕВА сайланды. Дариға НҰРСҰЛТАНҚЫЗЫ жасырын сайлау арқылы жеңіп шықты. Бұл туралы Жас АЛАШ сайты хабарлайды.

Кеше 19 наурыз күні президент өкілеттілігі сенат спикері Қасым-Жомарт ТОҚАЕВҚА өтетіні белгілі болғанда сайтымыздың тілшісі Алмас НҮСІП «Назарбаев кетті, Назарбаева келе жатыр ма?» деген мақала жариялап еді. Бүгін міне Дариға Назарбаева мемлекеттегі екінші адамға айналды.

Жасырын сайлауға 44 депутат қатысты. Әдеттегідей бәрі бір ауыздан Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ тұңғыш қызына дауыс берді.  

Дариға Назарбаева бұған дейін сенатта халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетін басқарған. Мәжіліс төрағасының және Үкімет басшысының орынбасары сынды лауазымды қызметтерді атқарған. Саясаттану және тарих ғылымдарының кандидаты.

Фото: yandex.kz

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.