Алматыда сәрсенбіде жұртшылық журналист Геннадий Бендицкиймен қоштасты. Марқұммен қоштасу «Ғылым ордасы» ғимаратында өтті.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, қоштасу рәсіміне марқұмның туыстарынан өзге әріптестері, қоғам белсенділері, депутаттар жиналды.

Қоштасуда журналистің көзін көргендер ол туралы естеліктерін, одан көрген жақсылықтарын айтысты. Марқұмның әріптесі, ratel.kz интернет-басылымының редакторы Марат Асипов «Геннадиймен кездескен адамдардың өмірі жақсы жаққа өзгеретінін, себебі адамдар одан қорған іздейтінін» айтты.

Саясаттанушы Айдос Сарым «Қазақстанда зерттеу журналистикасы онсыз да ақсап тұрған шақта осы жанр майталманынан айырылу үлкен қайғы» деді.

Геннадий Бендицкийдің 3 желтоқсан күні Минск қаласындағы 9-ауруханада ұзаққа созылған дерт салдарынан дүние салған. Әріптестері Бендицкийдің тура 47 жасқа толған күні қайтыс болғанын хабарлаған.

Геннадий Бендицкий соңғы бірнеше жыл ratel.kz интернет-басылымында жұмыс істеген.

Геннадий Бендицкий журналистік зерттеу мақалаларымен танымал болатын.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.