Ресей билігінің хабарлауынша, желтоқсанның басынан бері Новосибирск облысына Қазақстан мен Қырғызстаннан барған ондаған тонна карантиндік жеміс-жидекті кіргізілмеді.

Ресей ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау қызметінің Новосибирск облысы бойынша басқармасының ақпаратына қарағанда, 76 тонна өнім «Карасук» бақылау пунктінен өткізілмеген. Қырғызстаннан жөнелтілген құрма, алма мен қауын және қазақстандық пияз салынған қаптарға арнайы белгі соғылмаған. Бұған қоса өрік-мейіз, қызыл күріш, жаңғақ өнімдеріне фитотазалық куәлігі берілмеген. Бұл өнімдер кері қайтарылған.

Бұған қоса Қазақстаннан жөнелтілген 36 килограмм алмұрт фитосанитарлық құжаты болмағандықтан жойылған.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.