Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ үштілділікке қатысты пікірін білдірді. Мемлекет басшысы өңір әкімдерінің қатысуымен өткен кеңесте үкімет мүшелерінің баяндамаларын талқылау барысында білім беру жүйесінің үштілділік бағдарламасын іске асыру мәселелеріне назар аударды. Бұл туралы  Жас Алаш сайты ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік УӘЛИДІҢ фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Бұл өте күрделі әрі маңызды мәселе. Менің ұстанымым, біріншіден, қазақ тілі болуға тиіс, орыс тілі болуға тиіс. Бұлардың балаларымыз үшін маңызы зор. Тек содан кейін ғана ағылшын тілін оқыту керек«, деді Қазақстан президенті.

Ал, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі қазақ, орыс, ағылшын, француз, қытай тілдерін меңгерген. 

Айта кетейік, Ең алғаш бұл идея 2006 жылы Қазақстан Халқы Ассамблеясының ХІІ -ші сессиясында айтылған еді. Ол кезде экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ былай деген болатын:

«Әлемде Қазақстан халқы үш тілді білетін, жоғары білімді ел ретінде танылуы керек. Бұл: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикамен сәтті ықпалдасудың тілі»

Фото: facebook.com

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.