Алматы. 7 желтоқсан. 7kun.kz — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен жалпыұлттық телекөпір кезінде Атырауда мұнай-газ химиясы кешенінің құрылысы басталды.

Ұлттық мұнай-химия технопаркінде қолға алынған жобаның алғашқы сатысында жылына 500 мың тонна полипропилен өндірілетін болады.

Құны 900 миллиард теңгеден асатын жобаның екінші кезеңінде полиэтилен зауыты салынады. Жоба толық қуатына көшкенде 3 мың адамды тұрақты жұмыспен қамтиды. Кешенде жылына 1 миллион 250 мың тонна полимер өнідіріледі.

Айта кетерлігі, Қазақстанның тұңғыш мұнай химиясы кешені аясында еркін экономикалық аймақ құрылады.

«Құрылыс жұмысына 5000 адам тартылады. Оның 500-і жоба аяқталғанда маман ретінде тұрақты жұмыста қалмақ. Біздің өнімге әлемдік нарықта үлкен сұраныс жоғары. Сол себепті тауардың 90 пайызы Қытай, Түркия, басқа да Еуропа елдеріне экспортталатын болады», — деді «Біріккен химиялық компания» ЖШС басқарма төрағасы Жеңіс Өсербай.

Запись Атырауда мұнай-газ химиясы кешенінің құрылысы басталды впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.