Ақмола облысына қарасты Атбасарда 2017 жылы тасқыннан 500 ден астам отбасы зардап шеккен болатын. Биыл да мұндай жағдай қайталануы мүмкін дейді төтенше жағдай мамандары. Себебі, тұрғындардың құтын қаштырған Жабай өзенінің деңгейі күннен-күнге көтереліп келе жатыр.   

Қорғаныс шебін құрған мектеп

Сәуір болмай, тәуір болмас. Десе де, сәуір айы керісінше Атбасар халқы үшін ең үрейлі уақыт. Үш күннің ішінде асау өзен Жабайдағы су деңгейі 90 см көтерілген. Биіктігі 3 метр 60 см-ді құрап отыр. Қауіпті деңгейге жетеқабыл.

«Былтырғы жылмен салыстырғанда су мөлшері көп. Төтенше жағдай мамандары су басу мүмкін деп ескертіп жатыр», – дейді Атбасар қаласының тұрғыны Виктор САМОЙЛОВ.

Қорғаныс шебін құрған мектеп

Қаланы қалқандап тұрған ескі бөгет сол қалпында. Тек су шайған тұстарын қайта бітеген. Азаматтық қорғаныс бөлімі басшысының айтуынша Жабай өзенінің тасқынымен күресуге 50 құтқарушы мен 16 техника жұмылдырылған. 2017 жылы су астында қалған бөгетке жақын орналасқан үйлердің тұрғындары жаңа үйлерге көшірілген. Алайда, қауіпті аймақта 650 балаға арналған мектеп пен арнайы түзету мектеп-интернаты қалып отыр. 

Қорғаныс шебін құрған мектеп

 «Мектептердің айналасын биіктігі 1 метр құрайтын 8 жарым мың құм салынған қаптармен қоршадық. Бұл жұмыстар сабақтарға кедергі келтірген жоқ», – дейді Ақмола облыстық ТЖД азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы Асхат АҚЫЛЖАНОВ.

Қауіпсіздік үшін 1 қабаттағы оқушылар жоғары қабаттарға көшірілген. Ал өзен арнасының еркін жылжуына сағаларда ешқандай кедергі жоқ деп сендіріп отыр құтқару мамандары. Айта кету керек 2017 жылы Жабай өзенің деңгейі 6 метрге көтеріліп, 500 дей отбасы зардап шеккен болатын.

Қорғаныс шебін құрған мектеп

Фотолар автордікі.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.