«Астана» футбол клубы Еуропа лигасы топтық кезеңінің алтыншы әрі соңғы матчында Чехияның «Славия» командасын жеңіп, бірінші рет плей-офф кезеңіне шықты. 7 желтоқсан күні түнге қарай Прагада өткен матчта «Астана» «Славияны» 1:0 есебімен жеңді.

Бірінші таймның 38-минутында «Астананың» босниялық қорғаушысы Марин Аничич қарсыластар қақпасына гол салды. Италиялық төреші Давиде Масса голды бірдее емес, көмекшілерімен кеңескеннен кейін ғана есепке алды.

«Астананың» 1/16 финалдағы қарсыласы 11 желтоқсанда Ньонда (Швейцария) жеребе тартуда анықталады.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.