Қазақстанның уақытша президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Ақтау қаласында өзінің суретімен ілінген билбордтарға риза еместігін айтты.

Президент жұма күні Маңғыстау облысындағы кездесуінде бүй деді:

«Маған Ақтауда менің суретіммен 14 билборд ілінгенін хабарлады. Бұл енді шынымен де орынсыз, мен ондай насихатқа мұқтаж емеспін. Әкімшіліктің мұндай ұқыптылығы не үшін керек?

Осылай сұрақ тастаған Тоқаев бар насихатты өзіне емес, Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ басқарған кездегі Қазақстанның жетістіктерін көрсетуге арнауға арнайы тапсырма берді.

«Бұл барлық деңгейдегі әкімдерге берілген тапсырмасы», деген Тоқаевтың бұл бастамасы онсыз да Назарбаевқа мадақ айтудан жарысқа түсіп жатқан облыс әкімдерін одан әрі  шабыттандырары сөзсіз…

19-наурыздағы президент Назарбаевтың биліктен кету туралы шешімінен кейін уақытша президент болып сайланған спикер Тоқаевтың алғашқы шығарған шешімі де Назарбаевтың атын ұлытауға қатысты болған. Және таққа отырғанына бір ай өтпей жатып кезектен тыс президент сайлауы өтетіні туралы жарлыққа қол қойды. Кезектен тыс президент сайлауы 9-маусымда өтеді.

Фото: ult.kz

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.