Өзбекстан президенті Шавкат МИРЗИЯЕВТІҢ үлкен қызы Саида МИРЗИЯЕВА ақпарат және қоғаммен байланыс агенттігі директорының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Азаттықтың Өзбек қызметі хабарлады. 

Мирзияеваның жаңа қызметке тағайындалғанын 12 сәуірде Ташкентте өткен жиында президент әкімшілігінің жетекшісі Зайнилобиддин НИЗОМИДДИНОВ айтты. 

Бұл қызметке бір ай бұрын Наргиза РАХИМОВА тағайындалған еді. 35 жастағы Рахимова исламдағы көп әйел алу жайлы пікірінен кейін әлеуметтік желіде сынға ұшыраған. Кейін оның еңбек демалысына кеткені хабарланды. 

Азаттықтың Өзбек қызметінің дереккөзінің айтуынша, Саида Мирзияева Өзбекстанның әлем алдындағы имиджін көтеру ісімен айналысады және мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтерінің жұмысын бақылайды. 

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.