12 сәуір күні Ақтөбеде «алаяқтық жасады» деген күдікпен қалалық тұрғын үй қорының жетекшісі Жанаргүл Дүйсекенова қамауға алынды. Тергеу Дүйсекенова қызмет бабын пайдаланып, азаматтардан көп мөлшерде ақша алған деп күдіктеніп отыр.

Прокурордың сөзінше, Ақтөбе қалалық тұрғын үй қорының жетекшісі Жанаргүл Дүйсекенова 2015-2018 жылдар аралығында мемлекеттік бағдарлама бойынша жеңілдікпен берілетін пәтерлер үшін Ақтөбенің 40 тұрғынынан аса ірі мөлшерде ақша алған. Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, шенеунік бұл әрекетін М. есімді азаматпен алдын ала сөз байласып, жүзеге асырған. Күдікті өзіне тағылған айыпты мойындамады.

— 15 жылдан бері мемлекеттік қызметте істеп жүрмін. Еңбек жолымды қоғамдық жұмыстардан бастадым. Қызметте ешкімнің қолдауынсыз, өз еңбегіммен өстім. Соттан тергеу изоляторына қамауды сұраймын, — деді Жанаргүл Дүйсекенова.

12 сәуір күні Ақтөбе қаласының мамандандырылған тергеу соты 39 жастағы Жанаргүл Дүйсекенованы екі ай мерзімге қамауға алуға санкция берді.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.