Иманғалидың екі -ұш сипаты бар: біріншісі, қазақ тілін қолдайды, екіншісі, Алматының Шаңырақ оқиғасындағы ойранға қатысы бар дейді, т.б.с.с. күмәндер бар.Өкінішке орай,біздің биліктің қазақ тіліне түкіргені бар.Бізге тілді қолдайтын тұлға керек.Екіншіден, Алматының Шаңырақ оқиғасындағы көп қазақ жерден айырылды, таяқ жеді дейді қарапайым қазақ.Үшіншіден, Иманғали автократтау ма деймін.Одан Тоқаевым байсалды және жұмсақтау ма деп ойлаймын.Бірақ Қасым Жомарт бәйбішесінің тілін ту қылып көтеріп жүретін тұлғаға ұқсайды. Сонда бізге Иманғалидай ұлт тілін қолдайтын адам болса дейміз, өзі Қасым -Жомарттай жуастау, жұмсақтау , білімдар интеллигент типтес болса. Ораз Жандосов -қазақша үйреніпті, ағылшыншасы ағып тұр,нарықшыл экономист, Батысқа тамаша жол табар. Ораздың түсіне де ұрлық пен коррупция кірмейді. Шешесі мен әкесін білуші едім.Азар болса шешелерінде татар мен еврейлер қаны бар шығар, ол кемшілік емес расында рухы қазақ болса. Мықты қайраткер ретінде өзін көрсете алған тұлға-ол Ғалымжан Жақиянов. Ғалымжан өзін мінсіз қайраткер ретінде билікте де , оппозицияда көрсетті, ұлтжандылығы да жоқ емес. Қазақтың аталған үш оғланының сайлауға қатысқаны жөн. Қазақ баласын бөтенсімейді. Тоқаев осы жолы президенттік жарыста озады деп ойлаймын. Бірақ ол лигитимдік, жарыспалы, демократиялық сипаттағы сайлауда жеңбесе әлемдік қауымдастық президенттері мен премьерлері оны тең дәрежелі тұлға деп қабылдамайды. Легитимдік сайлаудың қырағы бақылаушылары ОБСЕ мойындамаса масқара болады.

Дереккөз: facebook.com

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.