Алматы. 8 желтоқсан. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 8 желтоқсандағы доллардың орташа бағамы 334,17 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 334 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 334,40, сауданың аяқталуы кезінде 334,18 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 26 млн 50 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 76.
Ақша айырбастау орындарында 8 желтоқсандағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.05) Алматыда 336 теңгені құраған.

Запись Таңғы сессия: 1 доллар — 334,17 теңге впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.