«Ақ жол» демократиялық партиясының құрылтайы 24-сәуірде өтетін болды. Дәл сол күні саяси ұйым өз араларынан президенттік сайлауға түсетін кандидат ұсынбақ. Бұл туралы Жас АЛАШ «Ақ жол» партиясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

zakon.kz сайтының жазуынша партияның пленумында Түркістан, Маңғыстау, Алматы облыстары мен Алматы және Елорда өкілдері Азат ПЕРУАШЕВТЫҢ кандидатурасын ұсынған. Алайда, партия төрағасы өзгелерге де мүмкіндік беріп өз ұйымындағы лидерлер базасын кеңейту керектігін айтты.

Президенттікке кандидат болуға ықласты болмай отырған депутат Перуашев партияластарының арасында саялауға түскісі келетіндердің барын жеткізді. Және «Ақ жолдан» президенттік сайлауға түскісі келетіндер бар болса қарсы болмайтынын айтып өтті.

Төраға сөзінен кейін Солтүстік Қазақстан облысындағы адвокаттар палатасының төрағасы Евгений КИНЦЕЛЬ мен Жамбыл облысытық аймақтық «Атамекен» палатасының басшысы, кәсіпкер Асан ҚОШМАМБЕТОВ өз кандидаттарын ұсынды.

Деседе,нақты шешім 24 сәуір күні өтетін съезде қабылданады.

Фото: kapital.kz

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.