Ташкентке Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің кездесуі өтіп жатыр. Кездесу Өзбекстан президентінің резиденциясы — «Көксарaйда» өтіп жатыр. Бұл туралы «Қазақпарат» агенттігі хабарлады. 

«Кеңейтілген және жабық форматтағы келіссөздер кезінде екі елдің президенттері саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда, сондай-ақ аймақтық және халықаралық тақырыптарда екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқыламақ» деп жазады басылым. 

Келіссөздер соңында екіжақты құжаттарға қол қойылып, бұқаралық ақпарат құралдарына мәлімдеме жасалады деп жоспарланған. 

Оқи отырыңыз: Екінші президенттердің Ташкенттегі алғашқы кездесуі

14 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды. Ташкент әуежайынан оны Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов пен сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов, Ташкент хокимі Жахонгир Артыкходжаев қарсы алды. 

Видео: Тоқаевтың Ташкентке келуі (өзбекше видео)

Екі елдің президенттері Қазақстандағы Өзбекстан жылының салтанатты ашылуына қатысады деген ақпарат тарады. 

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.