Ресейдің православ шіркеулеріндегі әулиелер қатарына Лениннің бейнесі де қосылуы мүмкін. Бұл туралы omskinform.ru сайты жазды.

Омбы облысының бұрынғы губернаторы, қазір «Рухани мұра» қоғамдық қорының президенті Леонид Полежаев осындай ұсыныс жасады. Ол әлемдік Пролетариат көшбасшысы Владимир Ленинді қасиетті адамдардардың қатарына қосуымыз қажет деп санайды.

Полежаевтың айтуынша, уақыт өте келе Лениннің тарихтағы рөлі, бағасы да өзгерген.

«Ол тек қана саясаткер емес, болашақты болжай білетін философ болды. Ресейді ғана емес, әлемдік  модернизацияның алдыңғы қатарында тұрды», — дейді экс-губернатор өз ұсынысында.

«Рухани мұра» президенті атап өткендей, Ленин өзінен кейінгі қоғамға «идеалға сену» түсінігін қалдырды. Біраз уақыттан кейін Орыс Православие Шіркеуі «барлық өкпесін ұмытып, сонымен қатар ХХ ғасырдың ұлы реформаторын басқаша бағалайтын болады.

«Содан кейін Орыс Православие шіркеуіндегі әулиелер қатары Владимир Ульяновтың бейнесімен толығуы әбден мүмкін», — дейді ол.

Положаевтың айтары мұнымен біткен жоқ. Ленинге арналған ескерткішті сақтай отырып, Әулие Ильинский соборын қалпына келтіру керектігін де сөз етті.

Фото: m.pikabu.ru

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.